27.02.2025 жылы Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім
бөліміне қарасты №25 ЖББОМ базасында аудан әдіскері Укубасов Н.Е.,
Алматы қаласының кәсіби даму институтының тренері Қуандық А.Қ. қатысуымен,
бірлескен, мақсатты мектептер арасында «Оқу процесінде тиімді тәсілдерді қолдану
маңыздылығы» тақырыбында семинар өтті.
Семинар мақсаты: Тиімді әдіс-тәсілдерді оқу процесінде игеруге көмектесу, оқыту
сапасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәжірибе алмасу барысында аудан бойынша қатысқан мұғалімдер өзара пікір алмасып,
сұрақтарына жауап алып, кәсіби шыңдалу мүмкіндігіне ие болды