«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №175 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №384 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне сәйкес, «Өрле-EDUCATION» республикалық оқу-әдістемелік орталығы білім беру деңгейлерінің барлық педагогтеріне арналған бағдарламаларды қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.
Аталған бағдарламалармен танысып, өз пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыру үшін Орталықтың ресми сайтында жарияланған материалдарға кіріп, өз ойларыңызды білдіре аласыздар.
Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды!
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтер арқылы қауіпсіз білім беру ортасын құру» біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты – мектептерде психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, оқушылардың эмоционалды-әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету, өзін-өзі дамыту және әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту арқылы педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.